Саясат профилін өзгерту

Саясат профилінің параметрлерін өзгерту

Профильді өзгерту тек Kaspersky Endpoint Security for Windows саясаттары үшін ғана қолжетімді.

Саясат профилін өзгерту үшін:

  1. Консоль ағашында саясат профилін өзгерту үшін басқару тобын таңдаңыз.
  2. Топтың жұмыс аймағында Саясаттар қойыншасын таңдаңыз.
  3. Саясатты таңдап, мәтінмәндік мәзір арқылы саясат сипаттары терезесіне өтіңіз.
  4. Саясат сипаттарында Саясат профильдері бөлімін ашыңыз.

    Бөлімде саясат үшін жасалған профильдердің тізімі берілген. Тізімдегі профильдер олардың басымдықтарына сәйкес көрсетіледі.

  5. Саясат профилін таңдап, Сипаттар түймесін басыңыз.
  6. Сипаттар терезесінде профиль параметрлерін конфигурациялаңыз:
    • Қажет болса, Жалпы бөлімінде профиль атауын өзгертіп, профильді Профильді қосу жалаушасы арқылы қосыңыз немесе өшіріңіз.
    • Белсендіру ережелері бөлімінде профильді белсендіру ережесін өңдеңіз.
    • Тиісті бөлімдердегі саясат параметрлерін өзгертіңіз.
  7. OK түймесін басыңыз.

Өзгертілген параметрлер құрылғыны Басқару серверімен синхрондағаннан кейін (саясат профилі белсенді болса) немесе белсендіру ережесін орындағаннан кейін (саясат профилі белсенді болмаса) әрекет ете бастайды.

Саясат профилі басымдығын өзгерту

Саясат профильдерінің басымдығы клиент құрылғысындағы профильдерді белсендіру тәртібін анықтайды. Егер саясаттың әртүрлі профильдері үшін бірдей белсендіру ережелері берілсе, басымдық қолданылады.

Мысалы, екі саясат профилі қолданылса: бір-бірінен бір параметр мәндерімен (Мән 1 және Мән 2) ерекшеленетін Профиль 1 және Профиль 2. Профиль 1 басымдығы Профиль 2-ден жоғары. Бұдан бөлек, басымдығы Профиль 2-ден де төмен профильдер бар. Профильді белсендіру ережелері сай келеді.

Белсендіру ережесін орындау кезінде Профиль 1 белсендіріледі. Құрылғыдағы параметр Мән 1 болып өзгертіледі. Профиль 1-ді жойсаңыз, онда Профиль 2 басымдығы ең жоғары болып, параметр Мән 2 болып өзгереді.

Саясат профильдерінің тізімінде профильдер олардың басымдықтарына сәйкес көрсетіледі. Тізімде бірінші орында басымдығы ең жоғары профиль тұр. Профиль басымдығын, жоғары көрсеткі және төмен көрсеткі түймелері арқылы өзгертуге болады.

Басына оралу